Димаш Құдайберген Қытайға оралғанын жариялады
2021 ж. 29 қыркүйек
2256
0
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайға оралу туралы шешімін Instagram-дағы парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Достар, әлемдік шоу-бизнестегі жұмысымды жалғастыру үшін 2 жылдан кейін Қытайға оралғанымды хабарлаймын. Бұл кездесуді дүниежүзілік карантинге байланысты 2 жыл күтуге тура келді. Бір айға жуық уақытты оқшаулануда өткіздім, осы мерзім ішінде Қытайдағы командаммен іске асыратын көптеген жоспар құрып қойдым», - деп жазды әнші.
Димаш сондай-ақ егер карантинге байланысты тыйым болмаса әлемнің барлық еліндегі түрлі концерттер мен телевизиялық түсірілімдерге қатысатынын айтты.
«Иә, әлемдегі карантин менің жоспарларыма әсер етті. Бірақ осы сәттен бастап сіздерді шығармашылығыммен одан да көбірек қуантатын боламын. Сіздерді жақсы көремін!», - деді Д.Құдайбергенов.