Үмітхан Мұңалбаева: Балалар қызығып оқитын туындыларды жазу керек
2021 ж. 07 шілде
2727
0
Ұлттық академиялық кітапхана – Нұр-Сұлтан қаласындағы маңдайалды мәдени ошақтардың бірі. Бұл жерде құнды және сирек кездесетін кітаптар, ел тарихына, мәдениеті мен ғылымына қатысты көне қолжазбалар сақталған. 2004 жылы ашылған кітапхана қазақтың кіндік қаласымен бірге жасап келеді.
Ұлттық академиялық кітапхананың директоры, педагогика ғылымдарының докторы Үмітхан Мұңалбаева Qazaq TV арнасына сұхбат беріп, кітапхана қызметі, зиялы қауым ауызбіршілігі, жастарды кітап оқуға баулу, балалар әдебиеті секілді көптеген өзекті мәселелерге қатысты өз ойын айтты.
Ол, сонымен қатар, шет елдерде ашылған Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталықтары бүгінде қалай жұмыс жасап жатқандығы жайлы да айтып өтті. Олардың ішінде Қытай, Венгрия, Германия, Австрия секілді іргелі елдер бар.
Сұхбаттың толық нұқасы: