Жошы ұлысын зерттейтін ғылыми институт ашылады
2021 ж. 29 мамыр
4683
0
Елде Жошы ұлысын зерттейтін ғылыми институт ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл туралы бүгін Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Алтын орда тарихына арналған конференцияда мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір саясатты араластырмай-ақ тарихты зерттейтін кез келді. Ғалымдар барлық маңызды оқиғалардың шын мәнісінде қалай болғанын анықтауы керек. Жаңа институт 1269 жылғы Талас құрылтайынан бастап Кенесары ханның билігіне дейінгі кезеңді зерттеп, ел назарына ұсынады.
Дәурен Абаев, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:
– Керей мен Жәнібек хандар бастаған қазақ халқының Жетісуға қоныс аударуы оның қалыптасу кезеңінен өтіп, ұлтқа айналғанын айшықтайды. Ғалымдардың зерттеуінше, бұл процесс Ұлық Ұлыстың дәуірлеп тұрған уақытынан басталды. Мұны фольклорымыздан да көреміз. Жыр-дастандарымыздың қаһармандары – Едіге, Әз-Жәнібек, Майқы би, Тоқтамыс, Асан қайғы сияқты Алтын Орда кезіндегі қайраткерлер.
Еске сала ктейік, ҚР Президенті Қ.Тоқаев мемлекет тізгінін қолға ала салысымен бірден Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу туралы бастама көтерді.
2019 жылы 6 қыркүйекте Ұлттық кеңестің алғашқы отырысында белгілі ақын, “Ақ жол” партиясы төрағасы ооынбасары Қазыбек Иса Мемлекетттік тіл туралы заң қабылдау мәселесімен бірге Алтын Орданы ұлықтау, оған жалғастырып, Алтын Орданың атасы Жошы ханның таққа отыруының 800 жылдығын мерекелеу, Жошы ханға, Бөртеге, Шыңғыс хан мен Бату ханға ескерткіш қоюды көтерген еді.