Зерделі жырларыңыз елмен бірге
2020 ж. 14 желтоқсан
2332
0
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нәзікен Алпамысқызы тірі болса, 09.11.2020 жылы 83 жасқа толған болар еді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лау- реаты, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған және Еңбек ардагері, Алматы облысының және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы – Нәзікен Алпамысқызы 30 қарашада өмірден озды.
Нәзікен Алпамысқызы – Алматы облысы Жамбыл ауданы Сарыбай ауылында (бұрынғы Қарасу колхозы) Оңғарбиұл Алпамыс пен Шалтабайшешенқызы Бақтылының отбасында дүниеге келді. Әкесі Алпамыс пен анасы Бақтылы Қарасу колхозының іргетасын қаласқан,бар ғұмырларын сол ауылдың шаруашылығын дамытуға арнаған кісілер. Нәзікен Алпамысқызы Қарғалы орта мектебін алтын медальмен, Қазақ мемлекеттік университетін қызылпломмен, М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті эко- номика факультетінің аспирантурасын тамамдаған.Көп жылдан бері Т.Рысқұлов атындағы экономика университетінде 50 жыл педагогикалық қызмет атқарды. Жастарға дәріс беріп, мыңдаған шәкірттер т ә р б и е л е д і . Н . А л п а м ы с қ ы з ы н ы ң шәкірттері экономиканың әр саласында, мемлекет басқару жүйесінде, жоғары оқу орындарында көптеп кездеседі. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономи- калық университетінің (бұрынғы Алма- ты халық шаруашылығы институты) 50 жылдық мерейтойында Құрмет граматосы- мен және алтын медальмен марапатталды. Ғылыми жұмысын, ізденістерін үзбей да- мытып, экономика ғылымдарының докто- ры деңгейіне көтерілді. Көптеген ғылыми еңбектер жазды. Экономикалық талдауға өз үлесін қосты. Соңғы 30 жылда ұстаздық пен ғылым жұмыстарымен қатар поэзияға бет бұрды.
Нәзікен Алпамысқызы экономистерден шыққан тұңғыш ақын, әрі біртуар та- лантты ақын. Еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері» атағы берілді. Ақын шығармашылығына Ә.Нұр- пейісов, Қадыр Мырза-Әлі, М.Базарбаев, З.Серікқалиев, С.Негімов тәрізді ірі әдебиетшілер өз жоғары бағаларын берді. «Жарқырап аспанымда күн тұрғанда» деген өлең кітабын көптеген ақын жазушы- лар поэзия кеңесінде жоғары бағалады. Ал, Қазақстан Жазушылар одағы Халықаралық «Алаш» сыйлығын берді. Ғылымнан өнерге, ғалымнан ақын- дыққа жеткізген «Шырағдан», «Күрең шетен», «Жарқырап аспанымда күн тұрғанда», «Ғұмырдың кемел шағы бар», Лондонда шыққан «Қияжол ғұмыр» атты өлең кітаптарымен Нәзікен ғасыр соңындағы қазақ поэзиясына топ жарып кірді. Республика басылымдарында жарық көрген, радио-теледидардан оқылған өлеңдері талғампаз оқырмандардың ықыласына ие болып, көрнекті ақынға айналды. Халқының жүрегінде ғұлама ғалым ұлағатты ұстаз, ірі ақын ретінде өз қия жол ғұмырымен тұлғалық биікке көтерілген Нәзікен Алпамысқызының енді мәңгілік рухани өмірі басталды. Бақыл бол, кемел ойлы, зерделі жырлар иесі! Жырларың еліңмен бірге!
«Қазақ үні»
Жо-оқ, Нәзікен поэзияға кешігіп келген жоқ. Кезінде келді. Ол кешігіп келген жоқ, өзін өзі іркіп келді. Ол бүгінде түн асқан жарау арғымақтай. Кеше кешкілікте сауған сүт сияқты: бүгінгі қаймағы бір елі!Қадыр МЫРЗА-ӘЛИ,
ақын, Қазақстанның халық жазушысы
Жырларында қазақтың жарқын да парасатты бол- мысы тұнып тұрған ақын Нәзікен Алпамысқызының по- эзиясын оқыған жанның шыңға шыққандай тынысы ашы- лып, ойы шарықтап кетеді. Сананың қатпар-қатпар түйткілінен ақын салмақты ойды сезім қармағына іліп алып ширықтырып жібергенде оның қаламынан пайымды да фәлсафалы жырлар төгіледі.Жадыра ДӘРІБАЕВА,
ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері
Құмбел шыңындағы жыр! Кеше ғана бар адамға, жақын әпкеңе азанама сөзін жазу оңай емес. Нәзікен Алпамысқызы менің ғана емес қазақ әдебиетіндегі бүгінгі көптеген қыздар мен жігіттердің қамқор анасындай, өрелі ой айтар әпкесіндей еді. Негізгі мамандығы жоғарғы білімді экономист ғалым болғандықтан Алматыдағы Халық шаруашылығы университетінде, өзге де жоғарғы оқу орындарында ұзақ жыл дәріс берді. Республикамызға аты белгілі көптеген экономистерді болашақ мамандығына баулыды. Нағашы сіңілісі ретінде Нәзікен әпкемнің есімін алғаш анам Күлширадан бала күнімде естігенмін. «Шалтабай атаңның қызы Бақтылы әпкем мен Алпамыс жездеміз біздің ауылға іргелес мына Отыз жылдықта тұрады. Жалғыз қыздары Нәзікен мектепті алтын медальмен бітіріп, Мәскеуге оқуға түсті. Аспирантура бітірді. Жақсы оқыған, өмірін оқу-ғылымға арнаған» деп мақтан тұта айтқан әңгімесі есімде қалыпты. Ол заманда мектептен соң өзімнің де Алматыда оқитынымды, кейін әдебиет әлемінде жүздесіп, Нәзікен әпкеммен тілектес, әріптес жандарға айналатынымызды әлбетте білген жоқпын, әрине. Бір өкініш бір үміт! Бәрі де күні кешегідей еді! Жалған дүниеден Қазақтың Көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Нәзікен Алпамысқызы өтті деген суық хабарды жеткізудің өзі ауыр екен. Әлеуметтік желідегі қалың оқырман қауымға, әріптестеріне амал жоқ күңірене хабар айттық. Арқалы ақын апамызбен туыстығымызға қоса рухани сіңлісі ретінде сыйластығымыз өз алдына жылы естеліктерге толы. Қайсы бірін айтайын. Жазушылардың Халықаралық Алаш сыйлығын алған «Жарқырап аспанымда күн тұрғанда» көлемді өлеңдер жинағын өз талғамына сай, айтқанын орындай жүріп, біздің баспа шығарып берген еді. Сырбаз, дегдар талғамды жанның алғысын алудың өзі бір бақыт. Қазақтың Нәзікен сынды үлкен ақыны біздің кішкене баспамызды биыл тағы таңдады. Осы атың өшкір вирус тосқауылы басталар алдында «Құмбел шыңында» жыр жинағын баспамызға тапсырған болатын. Сап-сау, әдеттегі сергек қалпында үйіне бір-екі рет барып, тапсырысы қалай орындалып жатқанын көрсетіп, баспадан басуға рұқсат деген қолтаңбасын алып, кітабын шығарып, жеткізіп те бердік. Сол жолы науқастанып қалғанын көріп, хал сұрасып, тілекші боп жүруші едім. Енді міне, соңғы сапарына бақұл болсын демекпін. Сарыби ауылына барып, бір топ жазушылармен бірге жаназаға қатысып, ақын апамызды ақырғы сапарына шығарып салдық. Жазушылар одағының хатшылары, белгілі ақындар Бауыржан Жақып, Бақыт Беделхан, көрнекті жазушы Жұмабай Шаштайұлы, Нәзікен Алпамызқызының ақын сіңлісі Баян Бекетова жиналған қауымға толғанысты ойларын жеткізді. Баян Бекетова жүрек толқытқан өлеңін оқыды. Әлеуметтік желідегі Нәзікен Алпамысқызының оқырмандары мен әріптес достарының, замандастарының қоштасу лебіздерін ақынның жерлестеріне жеткізе тұрып, шер бөлістім. Өзінің көзінің тірі кезінде жаңадан шыққан «Құмбел шыңында» өлең кітабы жиналғандарға тәбәрік ретінде таратылды. Қазақтың Нәзікен ақынының енді рухани мәңгі өмірі басталды деп көңіл жұбаттық. Киелі өнер қонған Асыл әпкем, Қазақтың Нәзікен Ақыны, бақұл болыңыз! Жаныңыз жаннатта болсын! Баян Болатханова, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. «Molia&DOS» ЖШС баспасының директоры. qazaquni@mail.ru