Ұстаз ұлағаты - өмірлік сабақ
2020 ж. 02 қазан
3490
0
Ұстаз – өз білімін , өмірлік тәжірбиесін, мейірімін, жан дүниесін, рухани байлықты шәкіртінің бойына мейлінше сіңіретін, әркімнің қолынан келе бермейтін қадірлі мамандық иесі. Себебі, ол өскелең ұрпақтың жарқын болашағына жауапты.
Орта мектеп - білім жүйесінің ең басты, ең негізгі буыны. Біздің Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатта жоғары санаттағы, мол тәжірбиелі, білікті мамандардан қызмет етеді.
Ұстаздар ұйымдастыратын ашық сабақтар, семинарлар, айтулы іс-шаралар, салалы олимпиадалар, шешендік өнер байқаулары оқушылардың жан-жақты қабілетін дамытуға ықпал етеді. Қазіргі елімізде орын алған пандемияға байланысты барлық оқу орындары онлайн режимінде қашықтықтан білім алу тәртібіне өткізілген. Үй жағдайында онлайн білім бере отырып, ұстаздар өз біліктілігін көтеру, онлайн вебинарларға қатысу мүмкіндігін де пайдаланады. Ал, оқушылар өз тарапынан білім алудағы жоғары жауапкершілікті сезініп, өздігінен білімдерін одан әрі жетілдіріп, әр түрлі онлайн олимпиадаларға белсене қатысуда. Қашықтан білім беру болғанымен, ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыс ешқашан үзілмейді.
А. ПЕРДЕБЕКОВА
qazaquni.kz