Кеңес Дүйсекеевті жоғары бағалайтын уақыт жетті - Дүйсенхан Сыздықов
2020 ж. 02 қыркүйек
2323
12
"Қазақ үні" ұлттық порталында "Алматы" арнасындағы "Сәуле-ғұмыр" хабарында белгілі сатира сардары Көпен Әмірбек бастаған зиялы қауым көтерген көрнекті композитор Кеңес Дүйсекеевке Мемлекеттік сыйлық беру туралы ұсыныс жарияланған еді. Оны белгілі ақын Қазыбек Иса қолдаған болатын. Бұл мәселе қоғамда қолдау тауып, жалғасып жатыр.
Танымал сазгер Дүйсенхан Сыздықов та осы мәселеге қатысты өз пікірін жолдады. ***Кеңес Дүйсекеев көрнекті, білімді, кәсіби деңгейі өте жоғары музыка маманы деп білемін. Ұлтының өнері мен мәдениетіне қаншама жылдар қызмет етіп, қазақ теле радиосының эстрадалық-симфониялық оркестрін басқарып, өзінің заманындағы сазгерлердің әндерін нотаға, оркестрге түсіріп халыққа таралуына және алтын қорда қалуына үлкен үлес қосып шәкірт тәрбиелеу екінің бірінің қолынанан келе бермейтін іс.
Бұндай жұмысты атқару үшін жоғары білім, үлкен жүрек керек.
Бойында осындай қасиеті бар,көптеген танымалы-тақырыптық әндердің, сонымен қатар шет елдердің үлкен сахналарында орындалып жүрген классикалық шығармалардың авторы композитор Кеңес Дүйсекеев Мемлекеттік силықтың нағыз иегері.
Көптеген ақын жазушыларымызға, композиторларымызға уақытында еңбектеріне лайықты марапат берілмей, өмірден өтіп кетіп жатыр.
Кеңес Дүйсекеевтың шығармашылық деңгейін жете түсінетін, жоғары бағалайтын уақыт жеткен сияқты.
Ол, композитор, ол музыкант, ол ұстаз, ол биік тұлғалы азамат бола білді.
Қазақ өнерінің майталмандары, ағаның әндерін сүйіп орындайтындар,шығармашылығын жоғары бағалайтын музыканттар Кеңес Дүйсекеев мемлкеттік сыйлыққа лайықты деп осы ұсыныты қолдаймыз.
Дүйсенхан Сыздықов,
Қазақ үні