Шымкент маңынан Қаңлы мемлекетіне тиесілі жәдігер табылды
2020 ж. 30 маусым
2530
0
Шымкент археологтары көне жазуы бар керамикалық кірпіш тапты. Онда бір ғана сөз емес, бүтіндей мәтін сақталған. Бұл туралы Хабар24 телеарнасы мәлімдеді.
Көне жәдігер біздің заманымыздың бірінші ғасырына жатады. Яғни әлі кең көлемде зерттеле қоймаған Қаңлы мемлекетіне тиесілі. Тақтайша Күлтөбе қалашығынан табылды. Қазір ол жерде Қазақстан орталық музейінің экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Тарих ғылымдарының докторы Александр Подушкиннің айтуынша, кірпіштегі жазу оңнан солға қарай жазылған. Онда 7 жол және 218 таңба бар. Құнды мұра қазақ тарихының жылнамасына жаңалық енгізуі мүмкін. Жазу бұл өңірде өркениеттің болғанынан хабар береді. Қазір ғалымдар жазбаның құпиясын ашып, мағынасын табуға тырысуда.
Қатакөмбе қорымынан да көптеген құнды археологиялық материал табылды. Онда 4 адамның жерленгені анықталып отыр. Және алқалардың жиынтығы, сырғалар және қоладан жасалған бұйымдар керамика, тағы басқа заттар көмілгені белгілі болды, – дейді Александр Подушкин.