Ана тілін білмеген баланың елге қызмет етуі екіталай - Ғазиза Тілеубай
2020 ж. 16 маусым
2274
0
Танымал актриса Ғазиза Тілеубай қазақша білмейтін балаларға жаны ашитынын айтты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды juldyzdar24.kz порталы.
"Менің жылағым келеді. Бүгін Елтереспен саябақ пен аулада көп серуендедік. Көршілердің барлығы делік қазақтар. Саябақтағы баласымен жүргендердің де басым көпшілігі қазақтар. Соладың, шамамен 60%-і орысша шүлдірлеп жүр. Менің балам олардың баласымен ойнағысы келеді, ойнайын десе, олардың тілін түсінбейді. Не дерімді білмеймін де. Балама бірдеңе деп сөйлеп жатыр, ол болса маған қарап тұр. Аударып тұруға намыстанып, кетіп қалдым. Мен балалардың көп тіл білгеніне қуанамын. Дегенмен, ана тілге құрмет болмаса, оны білмесе, өсіп келе жатқан балапандарымыз ертең елге қызмет етуі екіталай деп ойлаймын.
"Ел боламын десең, бесігіңді түзе", - дейді ғой. Бірақ осы ретте эгоистік тәрбие беріп жатқан қаншама ата-аналар есіме түседі. Мейлі, бұл бөлек тақырып болсын. Ұлтымды жақсы көремін. Оның өткенін жаңғыртуға шамам келгенше үлес қосқым келеді" , - деп жазды ол Instagram парақшасында.