Алматыда поэзия аллеясы ашылады
2019 ж. 20 тамыз
5127
0
Бүгін "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алматы қаласы Жетісу ауданы Құлагер ықшам ауданындағы "Гүлдер" саябағынан "Поэзия аллеясын" ашатын келісімге қол қойдық. "Поэзия аллеясын" Жетісу әкімдігінің қолдауымен "Тұлға-достық" қоғамдық қоры қаражат шығарып салады.
«Поэзия аллеясы» жобасының мақсаты қоғамның рухани жаңғыруына, адамдардың рухани кемелденуіне әдбиет арқылы үлес қосу.
«Поэзия аллеясын» салуда атқарылатын жұмыстар:
1. «Поэзия аллеясы» көркем, ерекше дизайнмен көгалдандырылып жасалады; 2. «Поэзия аллеясының» төріне сахна жасап, сахнаға «Жаратылыснама» кітабымдағы кемелденудің жеті шеңбері орнатылады; 3. Шығыс даналығынан үзік филосфиялық ой жазылған, еркін кітап алмасу бұрышы жасалады; 4. Адамдар отыратын орындықтар қойылады.
Жобаның басты ерекшелігі:
Сахнаға салынған "Кемелденудің жеті шеңбері" саябаққа келген адамдарға ой салып, оларды кемелденуге бастайды. Адамдар сахнадағы терең мағыналы әрі көркем жасалған «Кемелденудің жеті шеңберіне" суретке түсіп, оның мәніне үңіліп, жандарына азық алады. Бұл жерде әртүрлі іс-шаралар, кештер өтеді, ақын-жазушылар бас қосады.
Кемелденген адам отбасылық, туысқандық, рулық шеңберден шығып, ұлттық, діндік шеңберден көтеріліп, адамзат баласын, күллі жаратылыс дүниесінің қамын ойлайды.
Жобаның басталу іс-шарасына Жетісу ауданының әкімі Мақсат Сәкенұлы, Жетісу ауданының тұрғындары, "Тұлға-достық" қоғамдық қорының құрылтайшылары қатысты.
Бұйырса құрлыс жұмысы осы аптада басталады.
Мұратхан ШОҚАН,
Фейсбук парақшасынан