Әйгілі Сахара шөлінде қар жауды
2018 ж. 09 қаңтар
15428
0
Сахара шөлінің солтүстік аймағында көлемі 40 сантиметрдей қар жауды. Бұл көрініс әлем елдерін қайран қалдыруда, - деп жазады stan.kz.
БАҚ өкілдерінің мәліметінше, қар 7 қаңтар күні Айн-Сефра қаласының солтүстік аймағына жауған. Былтырғы жылы да осы жерде 1979 жылдан бері алғаш рет қар жауған болатын.
Жаз айларында бұл өлкеде ауа температурасы 37 градус жылылықты көрсетеді. Қыста 0 градусқа дейін төмендейді.