Әскери институт курсанты диплом тапсыру рәсімі кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады
2017 ж. 19 маусым
2918
3
Петропавлда әскер институт түлектеріне диплом тапсыру рәсімі кезінде курсант Асхат Сайрамбаев сүйген қызына ұсыныс жасады. Офицерлік вальс кезінде курсант Асхат Сайрамбаев жұп болып билеп жүрген сүйіктісі Әйгерімге тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Бойжеткен келісімін бергеннен кейін ол оның саусағына жүзік салды.
Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.Әскери институт түлектеріне диплом тапсыру рәсімі кезінде курсант сүйіктісіне ұсыныс жасады ҚР Ұлттық ұлан Әскери институтында салтанатты жағдайда 209 түлекке диплом мен лейтенаттық погондар тапсырылды. Оның алтауы әскери институтты үздік бітірді, ал тағы бір түлекке "Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін" төсбелгісі табыс етілді.
"Бүгін біз әскери институттан 17-ші рет офицерлерді оқытып шығарып отырмыз. Сондай-ақ, бесінші жыл басқа елдердің азаматтары бітіріп жатыр. Қазақстандық түлектерден басқа биыл Тәжікстанның тоғыз және Қырғыз елінің бес азаматы диплом алды. Барлықтарыңыз Ұлттық ұлан әскерлерінің, сондай-ақ өз елдеріңіздің Қарулы күштерінің қатарында абыройлы қызмет етесіздер деп сенеміз", — деді диплом тапсыру рәсімі барысында мемлекеттік аттестациялық комиссияның төрағасы генерал-майор Альберт Маткәрімов.
ҚР Ұлттық ұлан Әскери институтын биыл 209 түлек бітірді Баспасөз қызметі хабарлағандай, барлығы жиырма жылда Әскери институт ел әскері үшін 3100-ден офицер дайындаған.