“Біз ұялмаймыз!” - Ел алдында жалаңаштанғанды ұнататын әртістер (фото)
2017 ж. 19 мамыр
11151
25
Соңғы уақытта отандық жұлдыздар арасында денесін жалаңаштайтын арулар қатары көбейген. Олар жиі халықтың сынына ұшырайды. Бірақ ел не айтса да, бұл сұлулардың «киінетін» түрі көрінбейді.
Бұл ретте Stan.kz ашық-шашық киімі үшін елдің сынына жиі ұшырайтын шоу-бизнес аруларын тізбектеп көрді.
Бұл әншінің желідегі парақшасына жариялаған әрбір суреті даудың астында қалады. Себебі елдің айтуынша, оның бірде-бір жабық киімі жоқ.
Дәл осы себепті жұрт Луинаға “киініп жүрші” деп айтудан шаршаған.
Кәмшат Жолдыбаева да жиі сынға ұшырайды. Дегенмен ол үшін елдің пікірі маңызды емес. Ол ашық-шашық киімдерін бар болғаны сахналық образдың бір бөлшегі санайды. Кәмшаттың айтуынша, әртіс өнер үшін аянып қалмауы тиіс.
Әпкесі сияқты танымал жұлдыз болмаса да, соңғы уақыттары Алтынай Жолдыбаева ел назарына жиі ілігіп жүр. Оған себеп – кіші Жолдыбаеваның (өз сөзімен айтқанда) “батыл” киімдері болып отыр.
Актриса Айнұр Ілиясова тұрмысқа шыққаннан кейін де денесін жалаңаштаудан жасқанбайды. Ол отбасылы болғаннан кейін ұятсыз фототүсірілім жасатқан. Әрі бұл әрекетке күйеуінің рұқсатынсыз барған. Бұл туралы Айнұрдың өзі айтқан болатын.
Денесін ашық көрсетуден жасқанбайтын тағы бір актриса – Гүлнар Сильбаева. Бойжеткен ашық-шашық суреттерін Instagram-дағы оқырмандарына қырсығып салғанды ұнатады. Мұны Гүлнардың өзі мойындаған еді.