Назарбаевтың суреті ілінген үйді ОМОН ҚОРШАП АЛДЫ!!! (ФОТО-РЕПОРТАЖ)
2017 ж. 12 мамыр
10766
15
АСТАНА ӘКІМДІГІ НАЗАРБАЕВТЫҢ СУРЕТІ ІЛІНГЕН ҮЙДІ ҚИРАТАТЫН БОЛДЫ!!!
Бүгін арнайы жасақ елорда тұрғыны Несіпгүл Ұябаеваның үйін қоршап алды. Бұл туралы «NewTimes.kz»-ке сілтеме жасап "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.
Баспанасын қиратуға жол бермеу үшін Ұябаева өзінің үстіне жанар май (солярка) құйып, арнайы жасақ алдында өз-өзін өртемек болған. Оқиға орнына, сондай-ақ, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері мен дәрігерлер де келген.
- Ол үйдің ішінде менің ауру әпкем жатыр. Ал, бізді кіргізбей жатыр. Арнайы жасақ әпкеме не істеп жатқанын бір құдай білсін, - деп айқайлады ашынған әйел.
Несіпгүлдің ағасы үйге басып кірмек болғанда, арнайы жасақ өкілдері оның қолын бұрап, тыйып тастады.
Даулы мәселенің соңы Ұябаеваның үйді босатуға келісімін берумен аяқталды.
qazaquni.kz- Мен арнайы жасақ емеспін ғой. Біздің отбасымыздың арнайы жасаққа қарсы тұрар қауқары жоқ қой. Бәрібір бұзады, бәрібір қуып шығады, - деп жылады ана.