ЭКСПО-ның елді шошытқан маскоттары Астанаға қайта оралды
2017 ж. 27 наурыз
4514
2
Құлаған "ЭКСПО-2017" бойтұмарлары қазақстандықтардың сынынан кейін қайта жаңарды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ.
Бұдан бүрын Астана қаласындағы Бұрқақты-жасыл бульвардағы ЭКСПО-2017 Сәуле есімді бойтұмары жоғалып кетккен соң, оны қайта жөндеуге алып кетті деп хабарлаған.
Халықаралық көрме алдында белгілі болған Сәуле, Қуат және Мөлдірдің сыртқы келбеттері әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Олардың сыртқы келбеті желі қолданушыларының көңілінен шықпаған.
"Астана ЭКСПО-2017" маркетинг және ұлттық компанияны жылжыту департаментінің директоры Аллен Чайжунусов мүсіндерді жаңарту кезінде көпшіліктің қалауы есепке алынатындығын айтты.
Бойтұмарды жасаушылардың ойынша, Сәуле - күнді бейнелесе, Қуат — жер күшінің белгісі, Мөлдір — таза су мен ауа.
Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесі Астанада 2017 жыл 10-шы маусым мен 10-шы қыркүйек аралығында өтеді. Көрме тақырыбы - "Болашақ энергиясы".
Фото: Sputnik Казахстан/Болат Шайхинов
[caption id="" align="aligncenter" width="700"] Маскоттардың өңдеуге дейінгі көрінісі. Фото: dknews.kz[/caption]