Назарбаев Қазақстан құрамасын Универсиадада сәтті өнер көрсетуімен құттықтады
2017 ж. 08 ақпан
1881
0
Алматыда Универсиада-2017 ойындарының жабылу салтанаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоу "Алматы Аренада" өтті.
Мемлекет басшысы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада жоғары көрсеткішке жеткен ұлттық құрама мүшелерін құттықтады.
Өткен жарыстардың қорытындысын Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жариялады. Ол бюджет қаражаты үнемделсе де, 28-ші Қысқы Универсиаданың жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Сондай-ақ үкімет басшысы ойындарды миллиардтан аса телекөрермен мен жанкүйердің қарағаны жайлы мәлімет келтірді.
Ал өз кезегінде Халықаралық студенттер спорты федерациясының президенті Олен Матыцин Алматының ойындарды өткізуге жоғары деңгейдегі жағдай жасағанын атап өтті. "Ерекше көңіл-күй Алматыдағы Универсиаданы ерекше етті. Универсиада тарихында мұндай қонақжай әрі ынталы аудитория кездеспеді", - деді ол.
Шара барысында Алматы Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) алауын ойындарды 2019 жылы өткізетін Красноярға табыстады.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Красноярға Универсиаданы 2019 жылы лайықты деңгейде өткізуді тілеп, тәжірибе бөлісуге уәде берді.
Еске салайық, Универсиаланың медальдар есебінде Қазақстан 36 медальмен екінші орын алды - 11 алтын, 8 күміс және 17 қола медальдар. Бірінші орынды 29 алтын, 27 күміс және 15 қола медаль жеңіп алған Ресей құрамасы алды.