Виктор Храпунов пен оның жұбайының Швейцариядағы шалқыған өмірі (фото)
2016 ж. 12 желтоқсан
3861
2
Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның жұбайы Лейла Швейцариядағы шалқыған өмірлерінің фотосымен Facebook парақшасында бөлісті. Ерлі-зайыптылар шетелде 2008 жылдан бері тұрып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
9 желтоқсан күні Франция тарабы саясаткер Мұхтар Әблязовті экстрадициялаудан бас тартқан болатын. Храпуновтар отбасы бұл "қуанышты жаңалықты" атап өткен сәтінен фотомен бөлісті.
Еске салсақ, 2007 жылдың 1 қарашасында Виктор Храпунов ТЖ министрі қызметінен босатылған болатын. Бұған оның Алматы әкімі болған кезіндегі жерді заңсыз бөлуге жол бергендігі себеп болған.
Ол 2007 жылы Швейцарияға көшіп кетті. 2009-2011 жылы Храпуновтар отбасы Швейцарияның ең бай 300 адамы қатарынан табылған.
Виктор Храпунов Қазақстанда Қылмыстық кодекстің алты бабы бойынша айыпталуда. Ол отбасымен бірге халықаралық іздеуге жарияланып, елден 48 млн доллар және 7,7 миллион евро жымқырғаны анықталған.
ІЛИЯС ХРАПУНОВ ПЕН МАДИНА ӘБЛЯЗОВА БАЛАЛАРЫМЕН. ФОТО: FACEBOOK