Әлемдегі ең қорқынышты орындар (фото)
2016 ж. 05 ақпан
10740
7
Танымал Quora сайты оқырмандары арасында ғаламшардағы ең қорқынышты жерлер туралы сауалнама жүргізген. Желі қолданушылар әлемдегі ең қорқынышты деп 5 орынды атаған екен. Ол орындардың кейбірі туристер үшін қолжетімді болса, кейбірі қауіптілікке байланысты жабық орындар қатарында деп жазады moya-planeta.ru. сайты. Сонымен әлемдегі ең қорқынышты 5 орынға мыналар кірген екен:
Адам қаңқалары көлі
Бұл көлді алғаш рет 1942 жылы, аңшылар қауымдастығының өкілдері байқайды, бірақ, тарихи жазба беттерінде осынау көл жайындағы алғашқы жазба ХІХ ғасырда айтылған. Зертеушілер әуелде бұл қаңқалар, осы өңірді жаулап алуға келіп, бірақ, табиғаттың долы мінезімен күресе алмай, қырылып қалған Жапон әскерлерінің сүйектері деген пікірге тоқталды. Алайда, екінші дүние соғысы кезінде Британдықтар тарапынан келген зерттеушілер, бұл сүйектер, жапон әскерлерінің қаңқасы деген пікірді жоққа шығарды. Себебі, бұл қаңқалардың жасы едәуір ерте кезеңге тиселі еді.
Ал антрополог ғалымдар болса, бұл сүйектер өзін-өзі өлтіретін діни ғұрып нәтижесінде жинақталып қалған. Адамдар белгілі уақыт аралығында осы араға келіп өздерін өлтіріп отырған деген қортындыға келеді. 2004 жылы Үндістан мен Европалық ғалымдардан құралған топ, "қаңқалар көлін" зерттеуге экспедиция шығарады. Мәйіттердің сүйегіне жасалған ДНҚ қортындысы бойынша сүйектер өте ерте заманға тиесілі болып шықты. Тіптен, нақты мерзімі де анықталды, б.э 850 жылы. Сүйектерді толықтай зерттеу барысында олардың, бас сүйектердің қатты тиген соққыдан жарылғандығы анықталады. Қазіргі кезде бұл орын туристер үшін ашық мекендердің бірі.
Жыландар аралы
Бразилияның Кеймада-Гранди аралын біздің ғаламшарымыздың ең қауіпті жері деп танылған. Аралдың қауіптілігі оның аумағын басып алған улы жыландарда болып отыр. Аумағы 430 шаршы метр аралда төрт мыңнан астам жылан мекен етуде. Бұл рептилиялар өте улы: бір шаққаны тіндердің бір сәтте жансыздануына апарып соқтырады, ал уы болса, денені күйдіріп жібереді. Бразилияның билігі аралға баруға қатаң тыйым салды. Тек аралдың жағасында балық аулауға ғана рұқсат етілген.
Егеуқұйрықтар шіркеуі
Жұртшылық үшін өте қорқынышты орындардың бірі - Үндістанның Дешнок қаласында белгілі қоғам қайраткері Карни Матаның рухына арнап көтерілген егеуқұйрықтар шіркеуі. Бұл жерде 20 000 бастап 50 000 мыңға дейін егеуқұйрық тіршілік етеді. Бұл жайдан-жай құбылыс емес, 1463 жылы Карнидің өгей баласы арықтан су ішпек болып жатқанда кенеттен суға батып қайтыс болады. Карни Яма құдайдан қайта тірілтуді сұрайды, Яма құдай одан бас тартып, оларға барлық еркек атаулылары құдайға оралмайтындықтарын, олар уақытқа егеуқұйрық кейпінде болады, сосын адам болып қайта өмірге келеді деп айтқан екен. Содан бері адамдар егеуқұйрықта адамдар жаны бар деп есептейді. Аталған орында өмір сүретін адамдар оларды өлтірмейді, керсінше оларға тамақ беріп құрмет көрсетеді. Шіркеулік егеуқұйрықтарды өлтірген үшін қомақты айппұл да қарастырылып қойған.
Тозақ қақпасы
Түркіменстан - танымал туристік аймақ емес. Бірақ, бірнеше жылдан бері елге әлемнің түрлі мемлекеттерінен келушілер ағылып жатқан бір орын бар. Ол - жергілікті халық «Тозақ қақпасы» деп атап кеткен Ербент ауылынан 90 шақырым қашықтықтағы отты жалын шашып жатқан кратер. Шоғырланған жерасты газын 1971 жылы қазу және бұрғылау жұмыстары кезінде Кеңес геологтары тапқан. Зерттеушілердің бұрғылау мұнарасы мен басқа да құрылғылары пайда болған шұңқырға түсіп кетеді. Аймақ тұрғындары және малға зияны тимеу үшін геологтар газды жағып жіберу туралы шешімге келеді. Өрт бірнеше күннен кейін сөнеді деп болжам жасаған. Алайда, кратерден шыққан газ жалыны 1971 жылдан бері өшкен емес.
Қуыршақтар аралы
Шамамен 60 жыл бұрын Сачимилько каналында орналасқан аралда Джулиан Сантана Баррераның көз алдында кішкентай қыз суға батып өлген. Оқиға орнынан жігіт ескі қуыршақ тауып алып, оны талға іліп кеткен екен. Бірақ оқиғаны өз көзімен көрген мексикалық қатты мазасызданып, қоқысқа лақтырылған ескі қуыршақтарды аралға апарып, талдарға іліп кетіп жүрген. Алайда аз уақыт өткен соң Джулиан отбасын тастап сол аралға көшіп барған. Сол жерден үй салып, бақша өсіріп, уақытын талдарға қуыршақ ілумен өткізген. 1990-жылдарда жергілікті билік каналдарды тазартқан кезде ғана көрген. Көптеген жұмысшы ілініп тұрған қуыршақтарды өліктер деп ойлапты. Жақындап барғанда ғана қуыршақ екеніне көздері жеткен. Қазіргі кезде Джулиан Сантанаға келушілер, қуыршақтар аралын өз көзімен көргісі келетіндер де көп. 2001 жылы дәл сол жерде Джулиан Сантана Баррера да суға батып өлген екен.
Дереккөзі: reactor.inform.kz