Алматының экологиясына назар аударыңыз, Байбек мырза!
2016 ж. 02 қаңтар
4357
0
Алматының ластануы қазіргі ең өзекті тақырыптардың бірі. Ауаның ластану деңгейі жайындағы тарихтың өзі қайда жатыр. Қоғам белсенділері әкім Бауыржан Байбекті шаһардағы ең басты экологиялық мәселемен айналысуға шақырып отыр, - деп хабарлайды tengrinews.kz.
Сарапшылардың ойынша, қаладағы жағдай өте нашар, бірақ жергілікті билік атмосфераның ластануы тұрғындарға аса қауіпті емес деп сендіруді жалғастырып келеді. Алайда, "Қазгидромет" кәсіпорнының ресми мәліметтері бойынша, Алматының атмосфералық ауасы ластанудың ең жоғары деңгейіне жетті деп сипатталады. Дегенмен, тұрғындардың немен тыныстап жүргенін түсіну үшін сүйікті қаламызға бір рет сырт көзбен қараған дұрыс. Фотограф Николай Колесников бір күн бойы шаһардың адам танымастай болып ластануын бақылап көрді. Мәтін Шоқан Алқабаевтыкі.
"Зеленое спасение" экологиялық ұйымының төрағасы Сергей Куратовтың айтуынша, ластану проблемасы, әсіресе түтіннің пайда болуына бірнеше фактор әсер етеді. Олардың ең негізгілерінің бірі - құрылыстың көптігі, ол еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін белсенді түрде жүре бастады.
© Николай Колесников
"Тұрғын үй ғимараттарының жаппай тұрғызылуы апатты жағдай. Біріншіден, құрылыс жүргізу үшін балалар алаңы, саябақтар мен қаланың өзге де жасыл желектері қолданылады. Ал ағаштар бірінші кезекте ластану деңгейін төмендетуге көмектеседі. Ал бізде олардың қатары азайып барады", - деді ол.
© Николай Колесников
"Екінші аспект құрылыстың экологиялық қысымды есепке алмай жүргізілуімен байланысты, ауаны тазарту да есепке алынбайды. Сонымен қатар, ол ғимараттар ағаштарды көлеңкелеп, олар біртіндеп өле бастайды".
Куратовтың мәліметінше, Алматы қазіргі орналасқан жері бойынша ең көбі 700 000 тұрғынға есептеліп салынған. "Алайда қазір барлығымыз өзге картинаны көріп отырмыз. Қала үнемі кеңейіп, жақын маңдағы аудандар қосылып жатыр".
"Сонымен қатар, құрылыс тауға қарай жылжып барады, ол болашақ үшін аса қауіпті. Жер телімдері үшін тау бөктеріндегі көптеген жасыл желектің көзі жойылады. Сол кезде жасыл ландшафт ешқашан жетіспейтін болады".
"Ол дегеніміз, тау өзендері де жойылып кетеді дегенді білдіреді. Олар ағынымен ауа ағымын әкеледі, сөйтіп қаланың ауасын тазартуға көмектеседі", - деді ұйымның төрағасы.
Сергей Куратов бұл жағдайдағы жалғыз тиімді, бірақ шығыны көп шешім деп спутниктер қаласын тұрғызу деп есептейді.
"Алматының маңына қалашықтар салу керек және олар бірнеше ондаған шақырым қашықтықта орналасуы тиіс. Ал олардың аралығына жасыл желектерді орналастыру қажет. Ол шаһар үшін мықты экологиялық көмек болады", - деді Куратов.
"Біріншіден, қаладан кететін адамдар көбейеді. Шаһарға қосымша қысым келтіріп жатқан автокөліктер, зауыттар мен өзге де лас дүниелердің қатары еселеп азаяды. Алматы жеңіл тыныстап, ауа сәл де болса тазара бастайды", - деді ол.
Айта кетейік, таяуда TengrinewsTV тілшілері "Қазгидромет" мамандарымен бірге эксперимент жүргізіп, Алматы тұрғындарының немен тыныстап жатқандарын көрсетіп берді.
Райымбек пен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысына (бұл жер қаладағы ең лас аумақтардың бірі болып есептеледі) аппақ фильтр орналастырылды және ол 20 минуттың ішінде кірлеп, сұр түске айналды.
Осыған ұқсас жағдай "Айнабұлак" және "Тастақ" ықшамаудандарында байқалды. Қаланың өзге аумақтарында да зерттеу жүргізілді, ол жерлерде ауа тазарақ, бірақ көп мөлшерде емес. Барлық жерде газ, күйе мен шаң-тозаң бар.
Айта кетейік, суреттегілердің барлығы түпнұсқа және өңделмеген. Алматы шын мәнінде сырт көзге осылай көрінеді.
qazaquni.kz