БАСЫЛМАҒАН АСАУ АТТАЙ АРЫНЫ

БАСЫЛМАҒАН АСАУ АТТАЙ АРЫНЫ

Ардақты әкеміз Нышанбай Қуанәлиұлын қыркүйектің 27-іне 70 жасқа толатын мерейлі мерекесімен құттықтаймыз! Анамыз Көркем екеуіңіз елмен бірге бақытты өмір сүріп, жүзге жетіңіздер.

Адал досқа жарылатын ағынан​

Алла оған берген барлық жағынан. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Бәрімізді өсірді адам етіп,

Айрылмасын басындағы бағынан.

Білімді де мықты қадар-қарымы,

«Елді ойла» - бар сөзінің сарыны.

Жетпіс жасқа келсе де қуатты әлі,

Басылмаған асау аттай арыны.

Әрқашан адал еңбек терін төкті.

Бүгін аз жан жер қамын елдің, көптің.

«Қалсын» деп «есте есіл ер», шығарып жүр

Кітабын Қышқашұлы Сейілбектің.

Қайыспады өмірдің сын-тезінен.

Қазақ қамын ойлады жас кезінен.

Әр балаға бұйырсын сіздей Әке,

Немерең Сауран озсын енді өзіңнен!

Ұл-қыздары, келіндері