ҚАМҚОР БОЛЫП ЖҮРЕСІЗ БАРЛЫҒЫНА
2023 ж. 23 қыркүйек
17808
0
Бүгін 23 қыркүйекте Жер жәннаты Жетісуда, тартымды қала Талдықорғанда тұратын Гауһар Ботайқызы тәтеміз жемісті жетпіс жасқа толып отыр.
Жайнаған жаздың бар жемісі түгел пісетін берекелі күзге ауысар мерекелі кезеңі, қырманы мол қыркүйек айында, қоңыр күзде қоңырсалқын Қоңырөлең ауылында дүниеге келген қоңыр қыз бүгінде аяулы ана, асыл жар, әзіз әже, әсем әпке, тәлімді тәте, қамқор қайынбикеге айналды.
Мерейлі жасыңыз құтты болсын! Төл мерекеңіз мол мерекеңізге ұлассын!
Шаңырақта шапағат пен шаттық шалқи берсін! Өміріңіз жемісті де, жеңісті, көңіліңіз келісті бола берсін! Осылай жарқын шуақты, қарқын-қуатты бола беріңіз! Туыстардың ту ұстары, үлкендеріміз Нүсіпжан ағамыз екеуіңіз қол ұстасып, жүздеріңіз жарқын күйде Жүзге жетулеріңізге тілектеспіз! Бала-шағаларыңыздың қызығын көре беріңіздер!
Алла жар болып, Жұлдызыңыз жарқырай берсін!
Әрқашан Ақ жол тілейміз!
Көңіліңіз лайық таң нұрына,
Әдемілеп айтасыз әнді ұғына.
Үлкен болу бәріне үлгі болу,
Қамқор болып жүресіз барлығына.
Қуаныштар күн сайын еселенсін.
Немере-шөберелер өсе берсін.
“Шару” деп еркклетіп қойып сізді,
Шаруасын Нүсекең шеше берсін…
Жетістікке жемісті жетті ісіңіз,
Жақсылыққа жұмсалсын тек күшіңіз.
Жүзіңіз жарқын күйде Алла қолдап,
Жүзге дейін жеткізсін Жетпісіңіз!
Зор құрметпен, Қазыбек Иса