АҚ МАҢДАЙЫҢ ЖАРҚЫРАЙ БЕРСІН!

АҚ МАҢДАЙЫҢ ЖАРҚЫРАЙ БЕРСІН!

Туған күнің құтты болсын, ақмаңдай қарындасым Қынаштай!

Төл Мерекең мол Берекеңе айналсын! Шаңырақта шаттық пен шапағат шалқи берсін! Осылай өзің жарық дүние есігін ашқан қоңыр күздің мәуелі күніндей жемісті, көңілің келісті, өмірің жеңісті бола берсін! 

Жеті ұлдың ортасында жарқырап өскен сені елуге толды дегенде баяғы мектеп бітіргеніңде, ауылда мұғалім болып жүрген мен сені Жетісайға жетелеп ертіп барғаным еске түсе береді. Енді міне ұл-қызың жұлдызыңа айналған отбасылы анасың, асыл жарсың! Аллаға шүкір дейік!

Нұрлан екеуің қол ұстасып, жүздерің жарқын күйде Жүзге жете беріңдер! Тұңғыштарың арайлы Арай қызды құтты орнына қондырдыңдар. Енді Олжастай оғланның қызығын көре беріңдер!

Ақшуақ жүзіңнен күлкі кетпесін! Ақ маңдайың жарқырап, алдыңнан әрдайым Ақ жол ашыла бергей!!!

Алла жар болып, Жұлдыздарың жарқырай берсін!

Алла қолдап, бола берсін сәтті күн,

Жақсылыққа арналсын тек бар күшің,

Шаңырақта шапағат пен шаттығың, 

Шардараның теңізіндей шалқысын!

Қарындасым, ақылыңа 

сай көрік,

Арайланып ата берсін 

таң дәйім.

Қазақ қызы деген атқа сай болып,

Жарқырасын дәйім аппақ маңдайың!

Құрметпен, Иса-Жарылқасын әулеті атынан аға-жеңгең Қазыбек -Жәннат