Алпыстың асуынан асқан полицей
2022 ж. 03 наурыз
20537
0
Қашан да қарапайымдылықты, кішілік пен кеңпейілділікті жанына жақын тұтқан, сөзден гөрі іске бейім, өзіне де, өзгеге де қатаң талап қоя білетін, туа бітті табиғи таным қабілетін қоғамға пайдалы іске жұмсай білген тұлға жайында сөз қозғағым келіп отыр. Бұл ардагердің ұл-қызы мен немерелерінің бойын мақтаныш кернейді. Себебі, адам мақтанатындай тұлғаның бірі. Бар саналы ғұмырын құқық қорғау саласына арнаған жиырма бір жылдан аса уақыт ішкі істер органының, әртүрлі саласында қызмет жасап, құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққан. Замандастарының құрметтіне, отбасының берекесіне бөленген жан. Міне, бүгін алпыстың асуынан асып отыр.
Біздің сөз еткелі отырған, алпысты алқымдаған, мейрейтой иесі – Сапарәлі Абдуллаев ішкі істер қызметінің полковнигі, қазіргі таңда зейнеткер. Сәкең – жиырма бір жылдан аса өмірін ел тынштығын қорғауға аранаған жан. Бүгінде алпыстың асуынан асқан қария ұл-қызының, немерелерінің тіреуіші. Сонау сан тарау жолдардан абыроймен өткен жанның бірі. Ол 1961 жылы 21 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Оның анасы жеті баланы дүниеге алып келген. Сәкең үйдің кенжесі. Ол 1978 жылы мектепті бітірген соң инженер болсам деген ойы оны жоғары оқу орнына жетеледі. Бірақ, жолы болмады. Себебі, жасы ұлғайған ата-анасына қолқанат болу үшін Арыс қаласындағы құрылыс мекемесіне жұмысқа орналасады. Қиындыққа мойымай, еңбекке ерте араласады. «Шымкент» құрылыс мекемесіде бір жыл құрылысшы болып жұмысқа тұрады. Сәкең озат құрылысшы атанады. Сөйтіп, бір жылдан соң Сапарәлі Абдуллаев Жамбыл қаласындағы жеңіл тамақ өнеркәсіп технологиялық институтына, инженер-механик мамандығына оқуға түседі. «Студенттік өмір қызық еді. Жырақта жүрген кезде ата-анамды, үйді қатты сағынатынмын. Демалысқа шыққан кезде үйге қарай асығатынмын. Сонда әкем көшенің басынан күтіп алатын мені. Әлі күнге дейін әкемнің «жұқа балам» деп маңдайымнан искейтін кездерін сағынамын. Мен ес білгелі бері әкем Аллаға құлшылық етіп, балаларының амандығын тілеп бес уақыт намаз оқитын. Қолынан құран кітап түспейтін. Әкем бізді адалдыққа, мейрімділікке тәрбиеледі. Әкем менің жетістігімді көрмей кеткеніне қынжыламын», - деп Сапарәлі аға студенттік күндерін еске алды. Қиындығы мен қызығы мол оқу да артта қалады. Оқуды үздік аяқтағанана кейін Сәкең туған қаласына оралады. Одан кейін Отан алдындағы борышын өтеуге әскерге аттанады. Әскерден оралғанан кейін Арыс қалаласындағы тігін фабрикасына бас механик болып жұмысқа орналасады. Ал, 1987 жылы Арыс қалалық кәсіби техникалық мектепке мұғалім болып ауысады. «Анам маған бала кезімде «мені емдейтін, маған қарайтын дәрігер қызға үйлен» деп жиі айтушы еді. Анамның тілегі қабыл болды ма, жоқ әлде тағдырдың жазғаны ма Ұлжамила есімді дәрігер қызбен танысып, шаңырақ құрдым», - деп өткен күндердің еншісінде қалған анасының жылы сөздерін еске алды Сапарәлі Сейтханұлы. Ол өмірлік жарымен жаңа өмірге қадам басқанан кейін қара шаңырақта анасымен бірге тұрады. Сәкеңе Ұлжамила жеңгеміз әрдайым қолдау көрсетіп, тілеуін тілеп отырады. Көп ұзамай дүниеге тұңыш ұлы келеді. Сапарәлі ағаның анасы немересіне «Берік» деп ат қояды. Кішкентай Берік әжесінің тәрбиесін алады. «Әлі есімде, анам қол сөмке секілді қолтығына қысып алып жүретін. Ол да әжесінің қолтығына кіріп, жыламай жүре беретін. Анам марқұм қайда барса да немересін тастамай алып жүретін. Анам дүниеден озған кезде Берік әжесін көп іздеді. Көшеде кетіп бара жатқан кезде қарт кісілерді көрсе «әже» деп жетегімізден жұлқынып шығып жүгіретін. Қарт аналардың аяғынан құшақтап жылап жібермей түрып алатын»,- деп Сәкең жүрегі мейірімге толы анасын еске алып көзіне жас алды.
1992 жылы жұмыс бабымен Алматы қаласына қоныс аударады. Араға екі жыл салып Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетіне «Заңгер» мамандығы бойынша сырттай оқуға түседі. Жұмыспен қатар, оқуды да алып жүреді. Сол бір қиын-қыстау заманда көптеген жұмыс орындары жабылып, айлап жалақы ала алмай жұрттың қиналған кезі еді. Осындай «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманда оқуды, жұмысты және отбасын қатар алып жүру Сәкеңе де оңай тимеді. Бірақ, ол қандай қиындық болса да мойымады. Себебі, Ұлжамила жеңгеміз әрдайым оған демеу болып, қолдап отырды.
Әртүрлі салада бірнеше жыл жұмыс істеген Сапарәлі өзінің бала кездегі арманы – қоғам тыныштығын қорғау қызметіне қарай қадам басады. Сөйтіп, 1996 жылы Алматы қаласындағы көліктегі Оңтүстік-Шығыс басқармасына шұғыл уәкіл болып қызметке қабылданады. Бар білімін іс жүзінде асыруға күш-жігерін салады. «Қиыншылықты жемісті еңбек жеңеді» деген сөз бекер айтылмаса керек. Оқуды жаңа бітірген полицейді ұжымы жатсынбай, қуана қарсы алады. Керсінше, жас маманға білмегенін үйретіп, жол көрсетеді. Жауапкершілігі мол, күні-түні ізденісті талап ететін, жолдағы қылмыскерлерді құрықтауға бағытталған қызмет алғашқыда жас маман иесіне қиынға соқты. Бірақ, ол бұл қиындыққа мойымайды. Тәжірибелі әріптестерінен кеңес алып, қиын мәселелердің түйінін шешуді үйренуден жалықпады. Осындай еңбексүйгіш маманды басшылық та бағалады. Сәкең де өзінің еңбекқорлығын көрсете біледі. Қатардағы полицейдің еңбек сүйгіштігі, тиянақтылығы мен темірдей тәртібі басшылықтың назарына ілінеді. Сөйтіп, аға инспектордан басқарма бастығының орынбасары қызметіне дейін көтеріледі. Қызметімен қатар шені де өсе береді. Көп ұзамай Алматы қаласының Жетісу станция бөлімінің бастығы лауазымын атқарады.
Содан 2003 жылы ІІО қарасты «Оңтүстік аймақтық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес» басқармасында қызмет атқарады. Одан кейін ІІМ-нің бас маманы, уәкілі лауазымына ауысады. Ал, 2007 жылы Алматы облысы Ішкі істер департаментіне қарасты Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы қызметін атқарады. 2010 жылы Алматы облысы Ішкі істер департаментінің Жамбыл ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары лауазымына ауысады. Ал, 2012 жылы Астана каласындағы Көліктегі ішкі істер департаментірің Экстремизмге және терроризімге қарсы күрес басқармасын басқарады. 2017 жылдың қаңтар айында Сапарғали Абдуллаевты ұжымы құрметпен зейнетке шығарып салады.
Осындай еңбектерінің арқасында «Қалтықсыз қызметі үшін» ҚР ІІМ төс белгісімен марапатталады. Мерзімінен бұрын тездетілген «подполковник» шені беріледі. «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальмен марапатталды. І-ІІ-ІІІ дәрежелі «Үздік қызметкер» медальдармен марапатталады. Сонымен қатар, министрдің, департамент және басқарма басшылығы тарапынан бірнеше рет алғыс хаттар мен грамотаралар алды. Мұндай атақтың оңайлықпен берілмейтіні де белгілі. Әрбір ұйымдасқан қылмысты құрықтау да полицейдің жауапкершілігіне тікелей байланысты. Өз жұымысына берілмей, оны шын мәнісінде сүймей полицей болу қиын.
«Экстремизм мен терроризм тақырыбы тек Қазақстан үшін ғана емес, әлемдік деңгейдегі аса өзекті мәселенің бірі. Бұл әсіресе соңғы жылдары әлемнің түкпір-түкпірінде орын алып жатқан түрлі лаңкестік оқиғалар мен экстремистік топтардың белсенді әрекетінен кейін ғаламдық проблемаға айналды», - дейді Сапарәлі аға.
Сөз арасында ардагер ағамызға – Бала кезден инженер болуды арманадаған, қиялшыл баланың полицей мамандығын ойланбастан таңдауына қандай себеп болды? – деп сауал тастадым. Сонда ардагер ағамыз ойлы жүзбен – Албырт шақтағы арманның барлығы қолыңа түсе бермейді екен. Тегінде, есейе келе көздеген мақсат жемісті болатын тәрізді. Жастайымнан еңбекке бауыр басып өскендіктен бе, маған полиция қызметінің қиындығы ұнады. Қиналған сайын жұмысыма қызыға түсетін едім, – деп сыр шертті ақсақал. Расында да, Сапарәлі Сейтханұлы саналы ғұмырын полиция қызметіне арнады.
Сәкең қадірменді отағасы бола білді. Жұбайы Ұлжамила екеуі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірді. «Қызын қияға» қондырды. Алдағы уақытта ұлы Берікті үйлендіріп, ұлы мен қызының немерелеріне полиция қызметіндегі қызықты оқиғаларын ертегідей етіп айтып беруді армандайды. Ұлжамила апай бар өмірін дәрігерлікке арнаған ақ халатты абзал жан. Ұлы Берік пен қызы Гүлназ екеуі де бір-бір мамандық иесі. Өз сөзінде Берік Сапарәліұлы: «Мен жастайымнан әкемнің еңбегіне тәнті болып өстім. Кей кездері әкемізді апталап көрмейтінбіз, сонда анам әкемнің қиындыққа толы қызметіне түсіністікпен қарайтын. Әкем үйде отырғанда қылмыскерлерді құрықтаған қызықты оқиғаларын айтып беретін. Ертегі естігендей, ұйып тыңдайтынмын», – деді жеке кәсіпкер Берік.
Міне, жаратылысынан қарапайым, еңбек жолын қара жұмысшыдан бастаған Сапарәлі Абдуллаевтың өмір жолы осындай мерейлі істерге толы. Оның мұндай құрметке бөленуі еңбекке деген ынта мен тынымсыз ізденістің нәтижесі. Қария қарттықты ғұмырының соңы деп емес, өмірінің сыры мен сын сағатынан сүрінбей өткен сәтті жылдары деп санайды. Алпыстың асуына шыққан ардагер атамызды мерейтойымен құттықтап, өткен күндердің естеліктерін тыңдап қайттық. Дегенмен де, жиырма бір жыл еңбек еткен Ішкі істер органының ардагері қазіргі таңда «Әли Инвест групп» компаниясында заңгер-кеңесші қызметін атқарып келеді.
Раушан НАРБЕК,
Түркістан облысы
qazaquni.kz