Түрмедегі талант
2020 ж. 02 қыркүйек
2901
0
Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ167/2 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер қолөнермен айналысуда. Айыпты азаматтар жазаларын өтеп қана қоймай, айыбын қолдарынан шыққан сан түрлі қолөнер бұйымдарын жасау арқылы ел алдындағы азаматтық парызын өтеуге атсалысуда. Қазіргі таңда бұл түрмеде, толығымен жабдықталған шеберхана бар . Онда бесаспап талантты жандар күн сайын темірден түйін түйіп,ағаштан ою ойып, түрлі өрнекпен көмкерілген туындыларды жасап шығаруда. Қолөнер туындыларының ішінде үй жиһаздары мен басқада тұрмыстық дүниелерде кездеседі. Ұлттық өнерді жанына серік еткендерде жоқ емес. Мысалы Сыдықов Нұрғалидың жасаған кәдесыйлары көптің көңілінен шығып жатады. Ағаш ұстасы жұмысқа деген көзқарасының өте жоғары,мекеме әкімшілігінеде, айтар арыз шағымыныңда жоқ екенін,Еңбекке ұқыпты және адал қарайтындығын,ағаш өңдеу цехында барлық техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталғандығын айтты.Сонымен қатар жұмыстан тыс уақытта тәрбиелік,семинар сабақтарына,спорттық іс-шараларға қатысып,ертеңге күнге деген сенімінің нығайып келе жатқанында тілге тиек етті.Жасаған қылмысына берілген,жазаныңда әділ екенін мойындап,еңбек ету арқылы қоғамға өз пайдамды тигізгім келеді. Менің ұстанатын қағидам "өзің жақсы болсаң,айналаңдағы адамның бәрі жақсы",дер едім. Темір тордың ар жағында жасалған теңдессіз туындылар көлеңкеде қалып қоймасын деген мақсатпен арнайы көрмелер ұйымдастырылып тұрады. Нәтижесінде қызығушылық танытқан жандардың қарасы жыл сайын көбейіп келеді.
Жазира ТИМЕТОВА
qazaquni.kz