Азат Перуашев "Қазақ үні" газетінің мерейтойымен құттықтады
2020 ж. 11 тамыз
1400
0
"Ақ жол" партиясының төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев "Қазақ үні" газетінің 20 жылдық мерейтойымен редакция ұжымын құттықтады.
- "Қазақ үні" газетін 20-жылдығымен құттықтаймыз! Ұлттың үніне айналған, тіл жанашыры- "Қазақ үні" газетінің жарық көргеніне бүгін 20 жыл болыпты. Басылымның басшысы Қазыбек Иса әріптесімізді және газет ұжымын осы айтулы мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! - деп жазды А. Перуашев твиттер парақшасында.
Еске сала кетейік, 11-тамыз - "Қазақ үні" газетінің 20 жылдық мерейтойы. Атаулы күнге орай Мемлекет басшысы атынан ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли құттықтау жолдады. Сонымен бірге, белгілі қаламгерлер Дулат Исабеков, Темірхан Медетбек, Сәбит Досанов, Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай секілді бірқатар есімі елге белгілі тұлғалар атынан да редакция ұжымына құттықтаулар келіп түсуде.