Көк теңіздің көкжалы
2020 ж. 24 мамыр
1475
0
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Алматы қалалық филиалының кеңес мүшесі, Көпесбай Жәмпейісовті жетпіс жасқа толуымен құттықтаймыз.
Қымбатты Көпесбай Оразбайұлы!
Тынық және Атлант мұхиттарын өтіп, Балтық флотының ракета крейсері мен ракеталық корабльдері дивизиясын басқарған ең Бірінші Рангалы капитан! Алып Жетісу-Іле дарияларының жағасынан шыққан қазақтың аңызға айналған Бірінші Теңіз Көкжалы! Өзімді жарық дүниеге келместен де бұрын білген менің баға жетпес асыл Ағам! Осынау әсем күні Өзіңіздей сұлу жанға арналған Сізді бек құрметтейтін, Өзіңіздің достығыңызды шексіз қадірлеп, лайықты мақтан тұтатын, жоғары бағалайтын менің және көптеген достарым, әріптестерімнің атынан ең ізгі, ең ыстық ниетімізді қабыл алыңыз! Шені мен еңбек өтілі жағынан Өзіңізден кіші адам ретінде Сізге флоттық мықты денсаулық, теңізшілерге тән ұзақ ғұмыр тілеуге, Сізді ешбір сұрапыл толқын шайқап, аяқтан теңселтпесін деп тілектестік білдіруге рұқсат етіңіз! Сіздің отбасыңыз бен етжақындарыңыз, балаларыңыз бен немере
шөберелеріңіз Өзіңіздің жіті басшылығыңыз арқылы нық бағытпен жүріп, кейде сәл-пәл ауытқыса да діттеген межесінен ешбір таймасын, тайсалмасын! Даңқты Жәмпейісовтер әулетіне қашанда амандық-саулық, сый-құрмет, рухани да материалдық тұрғыдан мол дәулет тілейміз – бұған Сіз барлық ұрпақ үшін Отан қорғау жолында ғұмырыңызды сарп етіп, Қазақ Республикасының қорғаныс жүйесін құрып, Ливияға дейінгі жауынгерлік операцияларға қатыса жүріп, еңбегіңізді әбден сіңірдіңіз. Ал ерекше алғысымды Сіздің жас шағыңыздағы менің Тұрлыбек әкеммен ағаінілік достығыңыз үшін білдіргім келеді. Бабам қазақ: «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін!» деп бекер айтпаған. Ғұмырлы болыңыз, Көпесбай аға! Қашанда қасыңызда болып, бауыр ретінде, бұрынғы корабль старшинасы ретінде, дәл Өзіңіз секілді – Еліме, Жеріме, Сіздей ардақты Ағаға адал қызмет етуге әрқашан дайынмын!
Зор құрметпен, өзіңіздің Азат Перуашевіңіз.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы
qazaquni.kz