МЕРЕЙТОЙДЫҢ МЕРЕЙІ АСА БЕРСІН!
2020 ж. 01 наурыз
1824
0
Белгілі кәсіпкер, абыройлы азамат, "Шартарап -Шарайна" газетінің Бас редакторы
Нұрмахан ҚАРЫ мырзаға
Қадірлі Нұреке! Сізді асқар бел асу Алпыс жасқа толған мерейтойыңызбен құттықтаймыз! Еңбекте табыс тілеп, шаңырағыңызда шаттық шалқи берсін дейміз! Мырзасы мол Мырзашөлде, Қызыр аралаған Қызылқұмда, шағалалы да, шағылды Шардара даласында, Ұлы Сырдың жағасында туып-өскеніңіз Сіздің жан-жақты қабілетті, іскер идеолог болып, ұлттық ұстанымыңызды айқындауға зор үлес қосты. Отызда орда бұздыңыз, қырықта қамал алып, елуде ел ағасы бола білдіңіз. Ал көрнекті жазушы Шерхан Мұртаза: "Алпыс -тал түс" деген екен. Сіз өнегелі өміріңіздегі тал түсіңізге табыспен жетіп отырсыз. Асыл жарыңыз Тұрсынай екеуіңіз алтын асықтай айдарлы ұл-қыздар тәрбиелеп өсіріп, сүйікті немерелер сүйіп отырсыздар. Туған жердің тұлғалы перзенті ретінде Шардара ауданының рухани тынысына зор үлес қосып келесіз. Бұл Сіздің үлкен жүректі, кең пейілді, перзенттік парызға адал азаматтық патриоттығыңызды айқын білдіреді. Құрметті Нұреке! Сізді мерейтойыңыздың мерейі үстем бола берсін деп, "Ақ жол" партиясы төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевтың шешімімен "Ақ жол" партиясы мен Қазақстан тарихшылары қауымдастығы бірлесіп бекіткен "Қазақ хандығына 550 жыл" мерекелік күміс медалымен марапаттап отырмыз. Сізге зор денсаулық, мол бақыт және Мерекеңіздің Берекеге ұласуын тілейміз! Құрметпен, Қазыбек ИСА. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңес мүшесі. "Ақ жол" партиясы төрағасы орынбасары. "Қазақ үні" газеті президенті. ШАРТАРАПҚА ШАРАЙНА БОЛА БЕРГІН Сұлулықты күн бар ма сезінбеген, Алпыста да бола ма сезім деген?!. Үлгердім ғой құттықтап, ал әйтпесе, Өкпең дайын достарға өзім деген... Жөргем ілер дегендей жүрген аяқ, Еңбек еттің күн демей, түн демей-ақ, Елдің мынау айқайлап жатқандарын, Бітіресің сен досым үндемей-ақ... Жете бер дос, өмірде қалауыңа, Жарасады жақсы жар жарауыңа. Ұл-қыздарың айналды жалауыңа! Алпысыңды тойлаймыз, дайын шығар Тұрсынайдың еті мен палауы да... Маңғаз жандар туады маң даладан, Ақын аз-ау саған жыр арнамаған... Шартарапқа Шарайна болып тұрып, Шаршамай бір сөйлей бер Шардарадан! Құрметпен, досың Қазыбек ИСА. 22 ақпан 2020 жыл qazaquni.kz