Алдарыңнан шықсын күліп сәттілік!
2019 ж. 19 қазан
2180
0
Елордамыздағы елге елеулі жиеніміз Мырзабай мен Зағираны және ең бастысы әзиз әпкеміз Ұлжалғас пен Әмзе жездемізді ұлдары мен немерелері Жасұланды үйлендіріп, Аяулымдай аққу келінді алақандарына қондыруларымен құттықтаймыз!
Шаңыраққа ие болып қалатын, үміт артқан ұл жайсаң Жасұлан мен жүзінен нұр төгілген инабатты келініміз Аяулым қол ұстасып Ақ отау құрып отыр! Қадамдарың құтты болып, алдарыңнан арайлы күн ашылсын! Екеуіңе ел тілегі шашу болып шашылсын! Жаңа бой көтерген Ақ отау егемен елімізге қосылған құтты шаңыраққа айналсын!
Ақ келінге құшақ жайып, қош санап,
Қуануда ағайын мен дос қарап.
Алла дәйім бақ пен бақыт сыйласын,
Зор қуаныш бітіреді қос қанат!
Бақыт құсы қонса баққа - саяға,
Қуанбайды қандай әке, қай ана?!.
Жасұлан сен лайық боп атыңа,
Аяулымдай аққуыңды аяла!
Арман тауға аттандыңдар ат мініп,
Алдарыңнан шықсын күліп сәттілік!
Тәтті болсын, өмірлерің әрдайым
Дастарxанға жайылған соң тәттілік!
Шаңырақты көтеріңдер сәнді ғып,
Әлдилерің жүрсін ішін ән ғылып.
Ақ отауға Ақ жол біздер тілейміз,
Жұлдыздарың жарқырасын мәңгілік!
Ізгі ниетпен, нағашылар атынан ақ тілек білдіруші Қазыбек-Жәннат
qazaquni.kz