Ақ отауға Ақ жол біздер тілейміз!
2019 ж. 18 қыркүйек
4201
1
Алтынбай бауырым, Алма келін!
Алақандарыңа салған аққуларың, атына сай Әсем
қыздың Ақ отау құрғаны құтты болсын!
Әсем мен Сүйіндіктің көтерген шаңырақтары биік,
босағалары берік, керегелері кең болсын! Мерекелі де, Берекелі отбасы болсын!
Бақыт жайлы айтылатын ән дайын.
Әсемсің ғой, ашылсын ақ маңдайың!
Ата-анаңның аялаған мәпелеп,
Ақ үмітін ақтай білгін әрдайым!
Бақыт құсы қонса баққа – саяға,
Қуанбайды қандай әке, қай ана?!
Сүйіндік, сен сүйіндіріп ісіңмен,
Әсем қыздай аққуыңды аяла!
Ақ тілектер ақ қанатын жаяды.
Алашыңның аруы бол аялы.
Аналардың шашып елге шуағын,
Бабалардың салтын ұста саялы.
Азаттығын сүйіп Ұлы даланың,
Ұлтың үшін арналсын тек бар әнің.
Аталарың Алашқа еңбек еткендей,
Қазақ атын шығара бер қарағым!
Арман тауға аттандыңдар ат мініп,
Алдарыңнан шықсын күліп сәттілік!
Тәтті болсын, өмірлерің әрдайым
Дастарxанға жайылған соң тәттілік!
Шаңырақты көтеріңдер сәнді ғып,
Әлдилерің жүрсін ішін ән ғылып.
Ақ отауға Ақ жол біздер тілейміз,
Жұлдыздарың жарқырасын мәңгілік!
Ақ тілекпен, ағайындар атынан
Қазыбек – Жәннат