ҚР ІІМ Атырау облысы полиция департаментінің басшысына қатысты тексеріс жүргізуде
2019 ж. 15 мамыр
2909
2
Атырау облысы Полиция департаментінің басшысы Аян Дүйсембаевқа ат мінгізіп жатқан видеоға қатысты ҚР Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Атырау облысы Полиция департаментінің басшысы Аян Дүйсембаевқа қатысты әлеуметтік желіде жарияланған видеоматериал бойынша Ішкі істер министрлігі оқиға орнына өкіл аттандырып қызметтік тексерісті қолға алды. Қызметтік тексеріс нәтижесі бойынша заңда белгіленген тәртіп негізінде шешім қабылданады», - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода облыстық Полиция департаментінің басшысы Аян Дүйсембаев бір топ адамның ортасында өзіне берілген атқа мініп жатқан кезін көруге болады. Желі пайдаланушылары оған Қызылқоға ауданына туғаны ауылына барғанда аттың сыйға берілгенін жазады.