Өзбекстан президенті Рамазан айына орай Жарлық шығарды
2019 ж. 03 мамыр
5549
1
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеев Рамазан айын лайықты өткізу туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.
Президент Жарлығына сәйкес, Рамазан айында жергілікті билік органдары мен басқа да үкіметтік құрылымдар мұқтаж отбасыларға көмек көрсету, мейірімділік пен қайырымдылықты арттырға көңіл бөлініп, елдегі қасиетті орындар мен зираттарды жақсарту назарға алынуы керек, деп жазады Islam.ru.
Айта кетсек, Өзбекстан халқының саны 33,3 миллионнан асады. Оның 94%-ы ислам дінін, 3,5%-ы православтық христиан дінін ұстанады, қалғандары өзге діни конфессиялардың өкілдері.
Дереккөз: baq.kz