"Бірлік" партиясы президент сайлауына қатысудан бас тартты
2019 ж. 19 сәуір
2581
0
"Бірлік" партиясы Қазақстан президенттігіне үміткер ұсынбайды, деп мәлімдеді осы саяси ұйымның мүшесі Роза Қуанышпаева. Ол партияның алдағы сайлауға байланысты съезд өткізбейтінін де жеткізді, - деп хабарлайды sputniknews.kz.
"Уақытты көріп тұрсыздар ғой. 10 күннің ішінде кім не істеп үлгереді? Мысалы, қанша қаласақ та ешнәрсе жасап үлгермейтінімізді мен қазірден біліп тұрмын. Бізде ешқандай жоспар да белгіленбеген, демек съезд де болмайды. Бұл жәй нәрсе емес қой. Мұндайға кәдімгідей қызу дайындықпен келу керек, ал 10 күннің ішінде не тындыруға болады", - дейді Қуанышпаева.