Лауазымды тұлғалардың қателігінен 3600 оқушы тегін тамақтан құр қалды
2019 ж. 18 сәуір
2414
0
Қызылордада көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың мектепте оқитын балалары ыстық тамақпен қамтылмаған. Олқылық облыс орталығының 54 мектебінде анықталып отыр, - деп хабарлайды 24.kz.
Дұрыс есеп жүргізілмеуі салдарынан 3 мың 600 оқушы тегін астан құр қалған. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған тізім білім ұйымдарының берген мәліметімен сәйкес келмейтінін анықтаған прокурорлар дерекке терең талдау жасады.
Заңбұзушылыққа жол берген 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қадағалау органдарының пәрменімен балалар мемлекет тарапынан кепілдендірілген тамақтану тізіміне енгізілді.
Нұркен Тұрғанбай, облыстық прокуратураның басқарма басшысы:
- Ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен қосымша 244 млн теңге қаржы бөлінді. Жалпы балалардың мектептегі құқықтарын бақылау мәселесі облыстық прокуратураның қадағалуында.