Өскеменде Наурыз мейрамы жаңа форматта тойланады
2019 ж. 28 ақпан
4291
1
Өскемендіктер Наурыз мейрамын үш күн бойы тойламақ. Қаланың орталық алаңына киіз үйлер тігіледі. Шағын қазақ ауылында жастар алтыбақан теуіп, ән салады. Үш күн ішінде салт-дәстүрлерді дәріптеуге арналған бірқатар шаралар өткізіледі, деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мерекелік думан 20 наурыздан басталады.
Бірінші күн «Дәстүр күні» деп аталады. Бұл күні ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды насихаттауға арналған шаралар ұйымдастырылады.
Екінші күн – «Келісім күні». Еліміздегі этностардың мәдениетінен сыр шертетін шаралар өтеді.
Үшінші күн, яғни «Ұлыстың ұлы күні» өтетін шаралар Наурыздың мән-мағынасын барынша ашуға арналады. Мейрамның негізгі күнінде орталық алаңда Ұлы даланың 7 қырын айшықтайтын 7 киіз үй тігіледі. Атап өтерлігі, киіз үйлердің барлығы есіктерін айқара ашып, этнографиялық көрме форматында жұмыс істейтін болады.
Орталық алаңдағы қазақ ауылынан жеті қазынан бірдей жолықтыра аласыз. Қалалықтардың жүйрік атпен, ұшқыр тазымен және қыран бүркітпен суретке түсуге мүмкіндіктері бар.
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мейрамды атап өтуге байланысты арнайы кеңес өткізіп, іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.
Үш күндік думанның бағдарламасы төмендегідей:
20 наурыз – «Дәстүр күні»
11.00-11.10 – «Аластау» рәсімін өткізу.
11.10-11.15 – Қыдыр бата береді.
11.15-12.50 – «Қазына», «Атамұра» ансамбльдерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.
12.00-12.15 – «Ана үйі» қоғамдық бірлестігінің қатысуымен «Тұсау кесу» рәсімін көрсету.
15.00 - 16.30 – «Ертіс концерт» шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама.
15.00 – 16.30 – «Бата беру» сайысы.
18.30-20.00 – шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өтетін концерттік ойын-сауықтық бағдарламасы, караоке байқауы.
21 наурыз – «Келісім күні»
11.00-12.30 – этномәдени бірлестіктердің қатысуымен концерттік бағдарлама: «Вдохновение» вокалдық ансамблі, орыс этномәдени бірлестігі, «Вайнах» ансамблі, шешен-ингуш этномәдени бірлестігі, «Торади» ансамблі, корей этномәдени бірлестігі, «Бастеньки» фольклорлық ансамблі, «Боровичек» славян этномәдени бірлестігі, «Арарат» армян мәдени орталығы, «Азери» әзірбайжан ұлттық мәдени орталығы.
15.00-16.30 – «Домбра пати» байқауы.
15.00-16.30 – жыршылар сайысы, «Наурыз» атты викториналар.
19.00 – 20.30 - шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама және караоке байқауы.
22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні»
11.00-14.00 – «Даладағы дәмхана» (қаланың мейрамханалары мен дәмханаларынан Наурыз көже) алаңдарының жұмысы және сүт, бал және көкөніс өнімдерінің мерекелік саудасы..
11.15-14.00 – қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Наурыз думан» концерті.
11.00-14.00 – ең үздік ұлттық киім байқауы
14.00 – ең әдемі безендірілген кәсіпкерлік нысандады марапаттау.
11.00-14.00 – «Балалар қалашығы» ойын-сауықтық бағдарламасы өтеді: аттракциондар, ойын алаңдары, естелік сыйлықтар табысталатын танымдық ойындар, балаларға арналған мерекелік жәрмеңке, «мини-Арбат» суретшілер мен қолөнершілердің шығармашылық көрмесі.
11.00-14.00 – спорттық ойындар.
19.00-20.30 – Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен кешкі концерттік бағдарлама.
20.30-22.00 – алматылық ди-джейдің қатысуымен өтетін жастардың би кеші
22.00 – мерекелік отшашу.