Қазақстан Boeing 737 MAX ұшағын пайдалануға шектеу қойды
2019 ж. 13 наурыз
1884
0
Азаматтық авиация комитеті Boeing 737 MAX ұшағының ұшуына шектеу енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті 2019 жылдың 13 наурызынан «СКАТ» әуе компаниясының Boeing 737 MAX ұшағын пайдалуды уақытша тоқтатты. Қазақстандық тізілімде бұл үлгідегі бір ғана әуе кемесі тіркелген», - деп хабарлады комитет Фейсбуктегі парақшасында.
Еске сала кетейік, Эфиопияда Ethiopian Airlines әуе компаниясының Найробиге бара жатқан ұшағы апатқа ұшырағандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, ұшақта БҰҰ 19 қызметкері болған.
Қайғылы жағдайға байланысты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының Президенті Сахле-Ворк Зеудеге көңіл айту жеделхатын жолдады. Айта кетсек, Еуропалық Одақ аумағында Boeing 737 MАХ ұшағын пайдалануға да тыйым салды.