Астана әкімінің орынбасары шағымдар үшін өзінің жеке нөмірін жариялады
2019 ж. 25 ақпан
1931
0
Астана әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек шағымдар мен ұсыныстар қалдыруға арналған телефон нөмірін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Құрметті тұрғындар, достар! Менің телефонымның нөмірі бұрынғыдай қалды және сіздерден кері байланыс күтемін. Қала әкімі Бахыт Сұлтанов елорданың әрбір тұрғынының өтінішін тыңдау туралы нақты міндет қойды. Сондықтан энергетика, жылумен қамту, сумен қамту, санитарлық тазалау, автомобиль жолдары, жарықтандыру, көгалдандыру қызметіне және Астана қаласының коммуналдық шаруашылық қызметіне қатысты сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, WhatsApp-қа жазыңыздар. Телефон кітапшаларында менің нөмірім жоқ тұрғындар үшін қайтадан жариялаймын +77019110600", - деп жазды Арман Тұрлыбек Facebook желісіндегі парақшасында.
Таяуда Арман Тұрлыбек Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол энергетика, коммуналдық шаруашылық, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапты. Ол 2016 жылдан бері Астанадағы Сарыарқа ауданы әкімі болып қызмет етті.