Шымкентте жас келіншек сауда орталығының дәретханасында босанып қалды
2019 ж. 11 ақпан
1955
0
Бүгін таңертең Шымкенттегі сауда орталығында қала тұрғыны қыз босанды, деп xабарлайды Sputnik Қазақстанның өңірдегі тілшісі.
Жүктілік мерзімінің қырқыншы апталығында болған 23 жастағы келіншектің толғағы таңғы сағат тоғыз кезінде сауда орталығының екінші қабатындағы дәретxанада басталған. Көмекке жеткен күзеттегілер жедел жәрдем шақырады. Десе де, дәрігерлер келгенше келіншек күзетшілердің көмегімен босанған.
Түркістан облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз xатшысы Мира Мүсілімнің айтуынша, баланы анасымен бірге жедел жәрдем облыстық екінші перзентxанаға жеткізген. 2,8 келі салмақпен туған қыз баланың денесі мұздап қалған екен.
"Келіншек қаладағы 1-емxанада тіркеуде тұрған. Жүктілік кезеңінің 40 аптасында босанған. Бұл оның екінші баласы. Қазіргі уақытта анасы мен баласының жағдайы қалыпты, тиісті медициналық көмек көрсетіліп, жалпы бөлімшеге жатқызылды", — дейді баспасөз xатшысы.
Шымкент тұрғыны сауда орталығында туған қызына Аиша деген есім берді.