Астанадағы 5 қыздың өлімі: үй иесі 2 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін
2019 ж. 06 ақпан
4049
1
5 баланың өлімі үшін үй қожайыны жауапқа тартуылуы мүмкін. Заңгер Жандос Тұяқов берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді деп хабарлайды «Астана» арнасы.
Баспана иесі 2 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ал, бұған дейін төтенше жағдай мамандары орнатылған пеш қауіпсіздік талаптарына сай келмейтінін айтып, бірнеше рет ескерту жасалғанын хабарлады. Соңғы рет бір аптадай бұрын ескертіп кеткен.
«Өрт талаптарына сәйкес келмеген деп комиссия анықтаған жағдайда, онда нақты осы оқиға бойынша бұл азаматтар времянканың иелері Қылмыстық кодексте көрсетілген 292-ші баппен, яғни, 2-ші бөліміне қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Онда 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе бас бостандығынан сол уақытқа айыру жазасы қарастырылған», – дейді заңгер Жандос Тұяқов.
Бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары әкесінің түнгі уақытта жұмыста болған-болмағаны анықталып, жұмыс беруші де сұралатынын айтқан еді.
5 қызынан айырылған Евгений Ситер сол түні Талапкер көшесінде орналасқан Көлік жөндеу стансасында жұмыс істегенін айтты.
Алайда, атау жоқ стансада абалаған иттен өзге жан иесі көрінбеді. Ал, Ішкі істер министрлігі жұмыс берушіге қатысты тергеу жұмыстары жөнінде қандай да бір ақпар беруден бас тартты.