Мейіргерлер мәртебесі мен біліктілігін арттыру - бүгінгі күн талабы
2019 ж. 28 қаңтар
3953
1
Алматы қаласындағы Республикалық жоғары медициналық колледжінде «Медицина, фармацевтика» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жетілдірудің жаңа тәсілдері» мәселесі бойынша семинар отырысы болып өтті. Шараға ҚР Денсаулық министрі Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық министрінің кеңесшісі Сәуле Садықова, министрліктің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының медициналық білім беруді дамыту бөлімінің басшысы Зәуре Байғожина, Алматы қаласы мейіргерлер қауымдастығы мен сала мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.
Біздің алдымызда бүгінгі күн талабына сай, бәсекеге қабілетті мамандар дайындап, олардың біліктілігін тұрақты арттырып отыру талабы тұр. Сол үшін әлемдік стандарттарға сәйкес келетін ұлттық білім беру жүйесін құру қажет. Қай қоғамда, қай мемлекетте болсын адам капиталы бірінші орында, басты байлық болып есептеледі. Олай болса адам денсаулығын сақтау да кезек күттірмес, ең қажет мәселе болып табылады. Ал, адам денсаулығын сақтайтын осы медицина саласындағы негізгі жұмыс мейіргерлер арқылы атқарылады. Сондықтан да олардың мәртебесін көтеріп, еңбегін лайықты бағалау да аса қажет.
Семинар отырысында орта медициналық және фармацептикалық білім беруді дамыту болашағы, 2019-2024 жылдарға арналған еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы адами капиталды дамыту концепциялық жобасы, « Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беруді жаңғырту» жобасын жүзеге асыру Жол картасы жөнінде талқылауға қатысқан мамандар мен ғалымдар өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беруді жетілдіру үшін жаңа бағдарламаларды әзірлеу, оның жаңа заманауи тәсілдерін таңдап қалыптастыру, оқытудың кредиттік технологиясын енгізу сияқты бірқатар мәселелер көтерілді. Министр Е. Біртанов денсаулық сақтауды дамытуда бұл басты бағыттардың бірі екенін, білім беру саласында жаңа тәсілдердің қажеттілін атап өтті.
Оқу әдістемелік бірлестік отырысы бойынша халықаралық деңгейге ұмтылған еліміздегі мейргерлік қызметті одан әрі дамытуға бағытталған хаттамалық шешім қабылданды.
Зейнолла ҚАБИОЛЛАҰЛЫ
qazaquni.kz
Деонтологияда дәрігер мен сырқаттың, мейіркеш пен
сырқаттың және дәрігер, мейіркеш, сырқаттың қарым –
қатынастарына назар аударылады. Медицина
қызметкерлерінің кәсіптік этикасының негізін орнатқан
ежелгі грек дәрігері Гиппократ (460 ж. Б.Э.Д.) ол шежіресінің
бірінші бетінде деонтология туралы жазғаны осы күнге дейін
медицина қызметкерлерінің арасында таралып келеді.
Гиппократың белгілі кітабы «Ант» медициналық этиканың
дамуына зор әсерін тигізуде. Бүгінгі күні «Ант» қазіргі
заманның құжаты ретінде оқылып, қабылданады.
«Парыз» бен «жауапкершілік»
«Парыз» бен «жауапкершілік» бір –бірімен
тығыз байланыста. «Парыз» деген түсінік
кәсіптік және қоғамдық еңбектің қай –
қайсысында да міндеттемені білдіреді.
Парызды адал орындау адамдардың жеке
басының моральдік сапасымен байланысты.
Жоғары моральдік сапасы бар, орта медицина
қызметкерлері өзінің парызын адал және
сапалы орындайды.