Қазақстанда 1 қаңтардан бастап шоттағы ақша үшін бонус берілмейді
2018 ж. 24 желтоқсан
2663
1
Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шоттағы сақталған ақша үшін сыйақы төлеуге тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мұндай түзетулер 2018 жылдың 2 шілдесіндегі заңмен енгізілді. Азаматтық кодекстің 751-бабында былай делінген: «Ағымдағы банктік шотта орналастырылған ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы төленбейді».
Қазақстанда депозиттер жүйесі өзгертілген болатын. 1 қазаннан бастап салымшылар үшін салымның үш түрі қолжетімді болды: мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдар. Жинақ салымы бойынша үш айға арналған сыйақы мөлшерлемесі 12%, ал 24 айдан аса салым бойынша - 13,5%.