Митингке шыққан адамдардың өліміне себепші болған экс-президент тұтқындалды
2018 ж. 13 желтоқсан
3603
0
Армения соты елдің экс-президенті Роберт Кочарянның 2008 жылы ұйымдастырылған митинг кезінде алаңға шыққан адамдардың өліміне жол ашқан оқиғаға қатысы болғаны себепті тұтқындауға шешім қабылдады.
Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Армения Арнайы тергеу бюросы 2008 жылы атазаң тәртібін бұзды деген айып тағып, 1998-2008 жылдар арасында Арменияда президенттік міндет атқарған Кочарянның тұтқындалуы туралы сотқа шағымданған болатын.
Кочарян айыптауларды қабылдамаған және өзіне саяси қысым жасалғанын алға тартты.
Еске сала кетейік, Арменияда 2008 жылы болып өткен президенттік сайлауға наразылық шерулер ұйымдастырылған. 2008 жылы 1 наурыз күні өткен митингте 10 адам қаза тапқан болатын.