Таразда каннибал пайда болғаны туралы хабарға полиция басшысы жауап берді
2018 ж. 29 қараша
2671
1
Таразда каннибалдың пайда болғаны туралы хабар бірнеше сағаттың ішінде әлеуметтік желіде тарап кетті. Жамбыл облыстық полиция департаменті дереу бұл хабарды жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жоқ, бұл ақпарат жалған. Бұл 100 процент фейк. Еш алаңдамаңыздар, қала толық бақылауымызда», - деді Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев.
Ведомствоның баспасөз қызметі бұл жағдайды былай түсіндірді: ««What's App» мессенджерінде Тараз қаласында каннибализм оқиғасы болғаны туралы видео тараған. Жан-жақты тексерістен кейін Полиция департаменті бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдейді».
Полиция БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы мұндай жалған ақпарат таратқан адам қылмыстық жауапкершілікке (ҚР ҚК 274-бап 2-бөлік 3-тармағы) тартылатынын ескертеді.