Татарстан жастары Қытайдағы мұсылмандарды қорғау пикетіне шықпақшы
2018 ж. 14 қараша
3384
0
"Азатлык" татар жастарының Одағы 18-19 қараша күндері Қытайдағы қазақ, ұйғыр, татар және өзге де мұсылман халықтарын қуғын-сүргіннен қорғау мақсатында пикет ұйымдастыру үшін Қазан қаласының әкімдігіне өтініш жазды.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.
— Қытай мұсылмандардың құқығын таптауда, соңғы кездері ондағы татарлар да қысымға ұшырауда. Осының бәрін көріп отырып біз қалай үнсіз жүре аламыз, - деді жастар Одағы өкілдері.
Бұған дейін Татарстанның idelreal.org порталында Қытайдағы мұсылмандарға арналған концлагерьлер туралы жазылған болатын. Онда осы уақытқа дейін 1 миллионнан астам адам отырып шыққаны туралы ақпарат келтірілген.
Жастар Одағы өкілерінің айтуынша, Қытайда 8000 жуық татар халқының өкілдері тұрып жатыр.