Азат Перуашев: Шардара ауданының «SAFARI SHARDARA - 2018» шарасын өткізуі зор қолдауға лайық
2018 ж. 26 қазан
3492
1
Түркістан облысы
Шардара ауданы әкімі
Болатбек ҚЫСТАУОВ мырзаға
Қадірлі Болатбек Дүйсенбекұлы!
Қасиетті Түркістан атын иеленген облыстағы шежірелі Шардара ауданы елімізге белгілі ерекше табиғатты өңір. Тарихы мен мәдениеті, өркениеті мен дамуы қатар ұштасқан киелі де шежірелі мекен. Ерекше табиғаты бар бір ауданда әйгілі қызыр қонған Қызылқұм, сыры терең Сырдария, Шардара даласы мен шағалалы теңізі әдемі үйлесіп жатуы – Алланың тамаша тартуы деп білу керек. Осындай керемет өңірде елімізде тұңғыш рет өтіп жатқан «SAFARI SHARDARA 2018» фестивалының өтуімен құттықтаймын. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауында спортты дамыту үшін нақты тапсырмалар бергені мәлім. Сонымен қатар ел туризмін дамытуға баса назар аударып келе жатқаны да белгілі. Сондықтан, Шардара ауданының туризм мен спорт саласын қатар қамтыған осындай ел назарын аударатын дүбірлі шара өткізіп жатуы зор қолдауға лайық деп білеміз. Бұндай спорттық жарыстар бір реттік қана емес, жыл сайын өткізіліп тұрса, бұның ел үшін де, жер үшін де маңызы зор болар еді. «Ақ жол» партиясы еліміздегі осындай туризмдік –спорттық бағыттағы шараларды бұрыннан қолдап-қуаттап келе жатырғанын жақсы білесіздер деп ойлаймын. «SAFARI SHARDARA 2018» фестивалы қанатын кеңге жайып, халықаралық деңгейге көтеріле береді деп сенеміз. Дүбірлі бәйгеге қатысып жатқан дүлдүлдер жеңіске жете берсін деп, Ақ жол тілейміз! Құрметпен, Азат ПЕРУАШЕВ,
«Ақ жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты
26 қазан 2018 жыл