Түркістан облысында әкім орынбасарын атып кетті
2018 ж. 24 қазан
2445
0
Түркістан облысында белгісіз біреулер Төле би ауданы әкімінің орынбасарын атып кетті, - деп хабарлайды stan.kz.
Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова күдіктілердің іздеуде екенін айтты.
“Соталды тергеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілердің тұлғасын анықтау және оларды ұстау жұмыстарын жүргізіп жатыр”, — дейді Салтанат Қаракөзова.
Зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді.