Дариға Назарбаева: Қытай тілін үйрену керек
2018 ж. 16 қазан
10662
2
Дариға Назарбаева Алматы жастарымен кездесу барысында оларға қытай тілін үйренуге кеңес берді. Бұл туралы БАҚ-тағы дереккөздерге сүйеніп "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Қытай тілін үйреніңдер. Талап етемін. Мені ұлтжанды азаматтар мұндай сөздер үшін сынайды, бірақ болашақ қытай тілінде деп санаймын. Қытай нарығының әлеуеті шексіз. Халық саны көп. Ол жақта не шығарсаңыздар да, миллиардер боласыздар. - деді Назарбаева.
Ол, сонымен қатар, қытай тілі қытай нарығында қызмет етуді ойлағандар үшін керек екенін тілге тиек етті.
- Қытай миллиардтап инвестиция құюда. Қазақстандықтар үшін жаңа жұмыс орындары ашылады, табыс табады, отандық нарық жаңа тауарлармен молаяды, - деді сенатор.