"АҚ ЖОЛ" партиясы Алматыда ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін "Ақ жол" партиясы Алматы қалалық филиалы конференциясы өтуде. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 қазандағы Жолдауы бойынша "Ақ жол" партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев баяндама жасады. Бұл мәселе бойынша талқылауға еңбек ардагері Көпесбай Жампейісов, ҚазҰУ доценті Арман Жұмәділ, кәсіпкер Марал Томпиев, "Ақ жол" партиясы төрағасы орынбасары Қазыбек Иса, партияның СҚО филиалы төрағасы орынбасары Евгений Кинцел, "Қазақ үні" газеті Бас редакторының бірінші орынбасары Зейнолла Абажанов, кәсіпкер Дмитрий Васильев және т.б. сөйледі.

Екінші мәселе - "Ақ жол" партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасын сайлау. Партияның Алматы облысы филиалы төрайымы Мейраш Шынәсілова Алматы қалалық филиалы төрағалығына Парламент Мәжілісінің V шақырылымы депутаты, партияның ОК xатшысы Нұрлан Жазылбековты ұсынды. Бұл кандидатураны "Ақ жол" Партиясы Алматы қалалық филиалдың Жастар кеңесінің жетекшісі Азат Асанов және тб қолдады. Дауыс беру нәтижесінде Нұрлан Жазылбекоа "Ақ жол" партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасы болып бірауыздан сайланды.

Жиын соңында партияға жаңа мүшелер қабылданды.

Конференция күн тәртібіндегі аталған мәселелер бойынша қаулы қабылдады.

qazaquni.kz