Елорданың Суретшілер одағы Жолдау басымдықтарын қолдайды
2018 ж. 09 қазан
3521
1
Президент Жолдауында әр азаматтың әл-ауқатын жақсартуға ерекше ден қойғаны өте маңызды. Себебі әлеуметтік сектор көтерілмей, ел экономикасын дамыту мүмкін емес. Оған қоса «Мемлекет басшысының келер жылды Жастар жылы деп белгілеуінде үлкен мән жатыр», - дейді мамандар.
Бұл туралы 24.kz хабарлады.Астана қалалық Суретшілер одағы Президент жолдауында айтылған әрбір бастама тұрғындарыдң тұрмысын көтеруге сеп болады деген сенімде.
Жанұзақ Мүсәпір, қалалық Суретшілер одағының төрағасы:
- Өйткені «Рухани жаңғыру» біздің еліміздің қаншама жылдан тозып тұрған, қаншама жылдан халқымыздың осы армандап отырған мақсатының бірі еді шынында. Сондықтан «Рухани жаңғырудың» мына Жолдаудың ішінен табылғаны өнер адамдары үшін керемет дүние болып отыр. Халықтың, елдің тұрмысы жақсарса, суретшілердікі де жақсарады деген сөз. Өнердің жағдайы бүкіл халықтың мәдениетінің биіктегенін көрсетеді. Жолдауға қосар біздің ойымыз осы.