Қазақстандықтар кредитке 15 миллион доллар қарыз болып қалған
2018 ж. 29 тамыз
2100
0
2018 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша қазақстандықтардың кредиттік берешегі 5,6 триллион теңгеге (бір долларға 360 теңге бағамымен 15 миллион доллардан астам) жетті, - деп хабарлайды sputniknews.kz.
Жиынтық көрсеткіш айына 2,3 процентке өсті. Қарыздардың басым бөлігі тұтынушылық кредиттерден тұрады, олар бір айда 51,3 проценттен 51,7 процентке дейін өсті. Сонымен қатар онлайн-компаниялардың жылдам заемдарының үлесі екі процентке дейін төмендеп, жыл бойғы ең төменгі деңгейді көрсетті. Қазақстандықтар онлайн-кредиторлардың қызметін наурыз айында ең көп пайдаланған — 4,1%.
Жылдам қарыздар бойынша ең төменгі пайыздық мөлшерлеме күніне 0,25-тен 1 процентке дейін өзгеріп отырады. Онлайн-кредиттеуді реттеу саласындағы заңға сәйкес мұндай қарыздар бойынша шекті мөлшерлемелер жылына жүз проценттен аспауы тиіс.
Ranking мониторинг агенттігінің ақпараты бойынша, республикадағы былтыр бөлшек кредиттеу нарығы үш жылдық максимумды жаңартты. Осы уақытта алғаш рет екінші деңгейлі банктердің портфелі бес триллион теңгеден асып, шамамен үштен бірге өсті.