ШҚО-да 25 жастағы азамат тірідей өртеніп кетті
2018 ж. 24 тамыз
1897
0
Бесқарағай ауданына қарасты Боғаз ауылындағы жер үйлердің бірінен өрт шықты. От тұтанған кезде әйел адам мен кәмелет жасқа толмаған үш бала дер кезінде сыртқа шығып үлгерген.
Ал лапылдап жанып жатқан үйдің ішінде жалғыз қалып қойған 25 жастағы азамат тірідей өртеніп кеткен. Қызыл жалын төрт сағатта ауыздықталған. Тілсіз жау жалмаған аумақ 90 шаршы метрді құрайды. Қазіргі кезде өрттің шығу себеп-салдары анықталып жатыр.