Қазақстанда кәдімгі ақшадан ауру тарала бастады
2018 ж. 16 шілде
3843
0
Кәдімгі қызылды-жасылды ақша да аса қауіпті ауруларды тасымалдайды. Алматылық дәрігерлер менингит, туберкулез сынды өлімге әкелетін қауіпті бактериялар банкноттардан табылып жатыр деп дабыл қақты.
Қарапайым тазалық талаптарының сақталмауынан көзге көрінбейтін заттар адам ағзасына түсіп, арты қайғылы жағдайға әкелуі бек мүмкін екен.
Әдетте біз «Ақша - қолдың кірі» деп жатамыз. Тура мағынасында да солай екен. Яғни, көзге тап-таза болып көрінгенімен, банкноттардың қай-қайсысында да бактерия қаптап жүр. Ақша айналыста неғұрлым ұзақ жүрсе, ондағы ауру тудырғыш заттар да соғұрлым көбейе түседі.
Мамандар бір ғана қағаз ақшада 500-ден аса микроағза болатынын анықтаған. Әрі купюрадағы бактериялар өте өміршең келеді. Көк қағаздың осындай жоғары қаупі туралы алматылық дәрігерлер қараша халыққа ескерту жасады.
Алмаш Ахметова, Алматы қаласы қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің бөлім жетекшісі:
-Көп адамдар ойланбастан ақша санаған кезде ауыздарына саусақтарына салып, түкіріп, жатады. Бұл адамдарда жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі өте жоғары. Бацилла, стрептококк, ішек таяқшасы... Банкноттарда өте жиі кездесетін бактериялар осылар. Ақшада өмір сүретін мұндай заттар адамды фарингит, менингит, өкпе қабынуы, туберкулез сынды кеселдерге душар етуі мүмкін екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденіпті.
Дереккөз: ktk.kz